Елшілік Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлағандарды жазалауды талап етті

16 мая 2017

Ресейде бұзақылар Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішін ойрандапты. Пулеметші қыздың ескерткішіне аяқпен шығып, мазақ еткен Ресей жастары ол видеоны желіге жүктеген. Ал Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұзақылардың анықталып, жауапқа тартылуын заң орындарынан талап етіп отыр, — деп хабарлады 31 арна.

Мәншүк Мәметова

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде асқан ерлік көрсетіп, өзі қорғаған Невел қаласында қазақтың батыр қызына 1978 жылы ескерткіш орнатылған. Мәншүк Мәметованың сүйегі де Невел топырағында жатыр. Тіпті, пулеметші қыздың атына көше де берілген. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика