Елордада 12 мектепке ұлт зиялыларының есімі берілді

14 февраля 2020

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектепке Алаш зиялыларының есімі берілді. Құжат 2020 жылдың 6 ақпанында жарияланған екен.
Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 44 қаулысы бойынша:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 10 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің есімі;

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 48 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 52 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі;

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 56 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі;

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 57 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәшһүр Жүсіптің есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 58 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Жансүгіровтің есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 68 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 76 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

9) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 80 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфулиннің есімі;

10) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 84 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның есімі;

11) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 85 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімі;

12) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілсін.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Baq.kz


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика