Елікбаев Тоқтар Серіковті арзан популист деп атады

25 Наурыз 2017

Өткен аптаның соңында әнші Тоқтар Серіков «Қытайға тек жезөкше қыздар тиеді»,-деген мәнерде сұхбат берген болатын отандық БАҚ-қа. Танымал блогер, пиаршы Әлішер Елекбаев әншінің бұл пікірімен келіспейтінін айтып, Тоқтар Серіковті арзан «популист» деп атады. Сонымен қатар Ә.Елікбаев қазақ тілді сегмент бөлек, ал орыс тілді контент тіпті бөлек дамып жатқанына қыңжылыс білдірді,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі. 

– Түнде Атырау қаласынан келдім… Менің достарым «жалпақ жұртқа белгісіз, әрі облыс әкімінің өзі қатысқан бұл не қылған құрылтай?» деп сұрап жатыр. Қазақ тілді интернет қолданушылары Атырауда өткен құрылтайды қызу талқылаған болатын. Ал орыс тілділер кезекті рет оны елемеді, көрмеді.
Бұл екеуі бір-бірімен мүлдем қабыспайтын екі әлем [қазақ тілі мен орыс тілін айтады – ред.]. Екеуі де алға шығуға ұмтылуда. Бұл әуелде эстрадада, кейін кинода енді міне блогсферада байқалуда. Контенттің ұлтшылдануы байқалуда.
Мен қазақ тілін үйренуге кеңес беремін. Сол кезде әнші Тоқтар Серіковке таза ана тілінде оның ешқандай да ақылды адам емес екенін, арзан «популист» екенін бетіне айтуға болады, – дейді Әлішер Елекбаев.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика