Елбасы жолдауы басты назарда

26 Қазан 2018

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков Сүлейман Демирел атындағы университетке ат басын тіреді. Жиынға Қарасай ауданынның әкімі Жандарбек Далабаев, Аудандық мәслихат хатшысы, ардагерлер алқасының өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының белсенділері қатысты. Делегацияны СДУ университетінің президенті Мейірбек Мажитов пен оқу онрының ұжымы қарсы алды. Сонымен қатар іс-шара жұмысына СДУ-дың белсенді студенттер қауымы да қатысты.

Нұрлан Дулатбеков білім ордасының инфрақұрылымын аралап, университеттің материалды-техникалық базасына жоғары баға берді. Өз сөзінде депутат СДУ университетінің жаңа формациядағы жаңалықты тез қабылдайтын, заманауи талаптарға сай оқу орны екендігін атап өтті. Сонымен қатар ел қалаулысы бірнеше жылдар бойы білім саласында қызмет атқарып, кезінде Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болғандығын және білім саласына аса назар аударатындығын баса айтты. Өз кезегінде университет президенті Мейірбек Мажитов СДУ даму сатысындағы басты бағыттарды Елбасы жолдауындағы жоғары білім саласына қатысты тапсырмаларға сәйкес орындалуы туралы баяндады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы халыққа кезекті жолдауындағы бесінші бағытында Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі деген пікір айтты. Айта кететінім, біздің білім ошағымыз осы талаптарды орындауға толығымен әзір және бүгінгі таңда бұл бағыттардың басым көпшілігі жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні университетіміз білім беру саласында 22 жылдық тәжірибесі бар заманауи ірі халықаралық білім беру мекемесіне айналды.

Білім ордасы бәсекеге қабілетті, нарық талабына сай замануи маман иелерін жоғары сұранысқа ие 21 мамандық бойынша әзірлейді. Соңғы екі жылда Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстан агенттігінің рейтингі бойынша «Ақпараттық жүйелер» мен «Математикалық ғылымдар» мамандықтары бірінші орында тұр, – деп баяндады СДУ президенті.

sdu.edu.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика