Елбасы – ел тірегі

30 Қараша 2017

«Кіндігін тауып Ұлы Даланың,

Алдымнан шықты күліп арманым.

Нұрсұлтан салған нұрлы қаланың,

Көшесіндегі гүлі боламын.»,-

деп ақын ағаларымыз жырлағандай, Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы.

Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік – тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер – саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүкіл әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – тәуелміз, егеменді, бақыт жолындағы еркін мемлекет. Күн сайын өміріміз жақсарып, жарқын болашаққа зор үмітпен қараймыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің болашағы бүгінгі күннен басталады «қазақстанның болашағы, жастар, сіздердің қолдарыңызда» деген сөзі бізге, жас ұрпаққа, жас әулетке үлкен жауапкершілік артады. Осы жауапкершілікті  жүзеге асыру мақсатында Қарағанды қаласының ОКЖ КММ №8 филиал-кітапханасында 29 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы –ел тірегі» атты портрет-кеші өткізілді. Шараға арнайы №74 орта мектептің 8 «б» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Кітапханашы  елбасының балалық  шағы, жұмысшы кезеңі,  Қазақстан үкіметін басқарғаннан бүгінгі күнге дейінгі ел үшін атқарған еңбегі жайлы балаларға ақпарат берілді.  Берілген ақпараттарды қорытындылау мақсатында балалар назарына  президент өміріне, қызметіне байланысты сұрақтар дайындалып, шараға қатысушылар белсенді жауап беріп, өздерінің жақсы деген білімдерін көрсетті. Оқырмандар  Елбасы туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді. Шара соңында  ашық сөреде орналасқан құжаттарға шолу өткізілді. Шара өте танымды өтті.

                                                     Қарағанды қаласының ОКЖ КММ  №8 филиал кітапханашысы Б.Қ. Рысмағанбетова.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика