«ЭКСПО-2017» жобалары Қарағанды облысында жүзеге асады

4 октября 2017

Ел мерейін асқақтатып, Қазақстанның экономикалық әлеуетін әлем елдеріне таныстырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнайы құрылған инновациялық жобалардың бір парасы енді Қарағанды облысында жүзеге асырылады. Бұл туралы  Қарағанды облысық Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Ғалымжан Жұмасұлтанов бірінші ғылыми-техникалық кеңесте мәлімдеді, — деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Барлық жобалар «Нұр Әлем» павильонында жасыл энергетика саласында ұсынылған болатын. Оның үшеуі аймағымызда жүзеге асырылып та үлгерген. Дубовка кентінде электр және жылу қуатын, сондай-ақ органикалық тыңайтқыштарды алу үшін органикалық қалдықтарды өндеуге арналған биогазды құрылғы орнатылды. Сонымен қатар 2015-ші жылы Ынтымақ су қоймасында мини-ГЭС іске қосылды. Оның қуаттылығы 570кВт құрайды. Өндірілген электр энергиясы «Қарағанды Жарық» желілері арқылы Амангелді кентінің қоғамдық тораптарына жебіреледі. Үшінші жоба – өндірістік қалдықтарды жоғары технология арқылы тазарта отырып, аймағымыздың энергетикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін «АBsalut ecology» инновациялық газ тазарту жүйесі. 

— Тағы екі жоба жүзеге асырылу барысында: Саран қаласындағы «Күн электр станциясы» және «Экологиялық таза гидродинамикалық сұйық орта жылытқыштары», — деп мәлімдеді Ғалымжан Жұмасұлтанов. – Айта кету керек, сұйық ортаның гидродинамикалық жылытқыштары – ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің инженерлері ойлап шығарған зерттемесі. ЖОО-ның оқу шеберханаларында бірнеше эксперименталды құрылғылар әзірленіп, құрастырылған. Оларды өндіріс барысында сынау кезінде энергия жұмсау айтарлықтай үнемделетіні анықталған. 

Сарандағы күн электрстанциясының құрылысын 2018-ші жылы аяқтау көзделіп отыр. Оның қуаттылығы 100МВт-қа тең болады – бұл көрсеткіш бойынша ол Орталық Азиядағы ең ірі станция болуы тиіс. Жоба толығымен Еуроодақ елдерінің тікелей инвестициясы арқылы қаржыландырылып отыр және ГФР, Чехия және Словакияның жеке және мемлекеттік инвестициялық құрылымдарының қолдауына ие. 
Тағы екі жоба – екінші ұрпақ био отыны және алюмофехральді жылытқыштар – қазіргі кезде тестіден өтуде. Био отын – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ғалымдарының зерттемесі. Отынға арналған шикізат ретінде еліміздің аумағында өсетін көпжылдық шөптер алынады. Қазір зерттеушілер жобаға қолдау көрсетіп, оны өндіріске қосуға дайын инвесторларды іздеуде. 

Алюмофехральді жылытқыштар өндірістік және тұрғын үй ғимараттарына арналған. Жобаны жасаушылардың айтуынша бұл өнертабыс пайдалы қызметтің жоғарғы коэффицентіне ие. Жобаның бастамасышы, «Элитмет» ЖШС өнертабысқа патент алып, ЭМКО тауарлық Фантом үлестірген екен. 

Ғалымжан Жұмасұлтанов сонымен бірге шет елдік әріптестермен ЭКСПО-да ұсынылған жобалар туралы да айтты. 150 ең қызықты және өзекті зерттемелер аудандарға жіберілген. Олар аймақтың ірі кәсіпорындарымен бірлесе отырып, ЖОО қызметкерлерімен өңделіп жатыр. 

— Бүгінгі таңда «Корпорация «Казахмыс», «Kazakhmys Smelting», «Евразиан Фудс», «Dala Mining», «Казгеология» және «ГорКомТранс» секілді алты компания Ұлыбритания, Франция, Финляндия, Словакия, Чехия және тағы да басқа елдердің ғалымдарының 35 технологиялары мен зерттемелерін енгізуге қатысты қызығушылықтарын білдірді, — деді баяндамашы. – Негізінен ол қатты тұрмыстық қалдықтарды жою және қайта өңдеу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, сондай-ақ энергияның балама көздері салаларындағы жобалар. Қазіргі уақытта біз ЖОО және даму институттарымен біріге отырып, ұсынылып отырған 35 технологиядардың арасынан анағұрлым әлеуеттілерін іріктеу бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз. 

Жақын арада облысымыздың өндірістік және коммуналдық кәсіпорындарында жобаларды енгізу бойынша «Жол картасы» бекітіледі деп жоспарлануда. Аймақ басшылары кәсіпорындардағы инновациялық зерттемелерді енгізу жағдайын қадағалайтын болады. 

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика