Экс-депутаттың үстінен шағым жазған бойжеткен жоғалып кетті

12 октября 2017

Шығыс Қазақстан облысында өзін экс-депутат зорлады деп шағымданған Елена Иванован із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қозғалысының негізін салған Дина Тансары өзінің   Facebook  парақшасында жазды, деп хабарлады  «NewTimes.kz».

Қозғалыс өкілінің жазуынша, Елена   8 қазан күні Өскемен қаласына оқуға кеткен. Ол қалаға барып, шаруаларын тындырған соң әжесіне қоңырау шалып, өзінің Шемонаихуға баратын маршруткаға отырғанын және жолда келе жатқанын айтқан. Алайда үйіне оралмай, жоғалып кетеді. Туыстары оның телефоны өшіп жатқанын хабарлап отыр. Бойжеткеннің қайда кеткенін ешкім білмейді.  Алайда ата анасы әлі күнге дейін полицияға қыздың жоғалып кеткенін хабарламаған екен. Сондықтан да қоғамдық ұйым мүшелері оның тағдырына алаңдап, іздеу жариялапты.

Айта кетейік, тамыз айының ортасында Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы депутаты Елена Иванованы зорлады деген ақпарат тараған болатын.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика