ЕКІГЕ ЖАРЫЛДЫ: «Тұрсынбек сахнадан кетуі керек» VS «…кетпеуі керек»

29 марта 2017

Бұдан бұрын Qasym.kz порталы қоғам белсендісі, журналист Ләззат Қожахметованың «Тұрсынбек пен Төреғали телеарнаны шаршатты» дегендей пікірін жариялаған болатын. Жариялаған себебі: бұл ұсынысын ол Ерлан Қаринге бағыттаған еді. Өз кезегінде қалың көрермен бұл пікірмен келісіп, 9 мыңға жуық пікір қалдырған болатын. Бұл — бір жағы. 

Тұрсынбек Қабатов

Әр жағы. Бүгін күтпеген жерден желі қолданушылары екіге жарылып, «Тұрсынбек репертуарын өзгертпесе, сахнадан кетуі керек»,-десе, екінші тарап «Қоғам Тұрсынбектен шаршаған жоқ, осы репертуарынан таймауы қажет»,-дейді.

Бірінші тарап: Әзілдері таптауырын. Ас үйден шыға алмай жүр. Бастауында өтті халыққа. Базар жоқ. Қазір жұрт одан да жалықты. Қайта бір серпіліс керек немесе сахнадан кету керек.

Екінші тарап: Қақ — субъективті ұғым. Əркімнің қылығы өзі үшін əділетті. Əртіс кемшілікті жеткізе білді, шулап жатсақ, сөз сүйектен өтті. Кемшілігімізді мойындай білуіміз керек. Халықтың өзі біледі — кімді тыңдайтынын, кімнің концерттеріне баратынын, кімге бармайтынын. Ақтау мен Атырауда аншлаг болыпты, мысалы үшін. Жала жаппау керек жалпы. Репертуары дұрыс. Осылай қалуы керек.

Бұл тақырып әлі де талқыланатын тәрізді. Сонымен, сіз қалай ойлайсыз? Тұрсынбек репертуары бүгінгі қоғам сұранысын қанағаттандырып отыр ма? Пікірді астында қалдырыңыз.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика