ЕКІГЕ ЖАРЫЛДЫ: Тұңғышбай Жаманқұлов «жеді» VS «жеген жоқ»

31 марта 2017

Кез келген қоғамда пікір екіге жарылады. Дұрыс дейді, бұрыс дейді, қолдаймын дейді, қолдамаймын дейді. Зайырлы мемлекет үшін ол заңды құбылыс. Дегенмен қоғам тамырын дер кезінде басу үшін Qasym.kz порталы «ЕКІГЕ ЖАРЫЛДЫ» алаңын, тұрақты айдарын жүргізуді бастайды. Сонымен… 

Осыдан біраз уақыт бұрын қоғам қайраткері, танымал әртіс Тұңғышбай Жаманқұловқа «Феникс» киносына бөлінген 69 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды. Қоғам пікірі екіге жарылды. Бірінші тарап актердің ақша жымқырғанын шындыққа балап, куәгердің сөзін қостады. Екінші тарап бұл әдейі жасалған «қастандық» екенін айтуда. Ендеше…

Керімжан Есбаев: “Ақша жөндеу жұмыстарына, коммуналдық төлемге, телефон төлеміне және күзет агенттігіне жұмсалды. Бұл шығындардың барлығын өтеуге Жаманқұлов бұйрық берді. Шығындарды журналға жазып, ерікті түрде тергеушілерге тапсырдым. Және Жаманқұловтың ұлына арналған Мәскеуге барып-келетін билет те бар”

Әселхан Қалыбекова: «Өз сөзім! Білім министрі мен Мәдениет министріне жарымай-ақ қойдық. Тұңғышбай 69 миллион теңге жеді дегенге өз басым сенбеймін. Өнер адамы аңғал болады. Айыптамай тұрып тексеріп алуы керек қой. Мүмкін Тұңғышбайдың атын жамылып, басқа адамдар жеген шығар?»

Сіз қалай ойлайсыз? Пікіріңізді астына жазсаңыз болады…

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика