ЕКІГЕ ЖАРЫЛДЫ. Георгий лентасының алып тасталуы дауға айналды

7 мая 2017

Күні кеше Шымкент қаласындағы Абай атындағы саябақта орнатылған Даңқ ескерткішінен Георгий лентасы алып тасталынды. Оның орынына лентаның қазақша нұсқасы орналастырылды. Бұл желіде қызу талқыланды. Жұрттың пікірі екіге жарылды, — деп хабарлайды Qasym.kz

Георгий лентасына қатысты даудың көтеріліп отырғаны бір бұл емес. Осыған дейін де белсенділер аталмыш лентаның жеңіске еш қатысы жоғын айтып, мәселе көтерген болатын. Тіпті оның қазақстандық нұсқасы дайындалып, ресми түрде бекітілді де. Әйтсе де оны мойындамай, Георгий лентасын жеңістің белгісі деп қабылдайтындардың қарасы қалың.

«Бұл сорақылық қой. Қала әкімдігі енді өткен тарихымызға шабуыл жасап отыр ма? Дереу лентаны орынына қайтарсын. Сатқындық жасамасын», — деп жазды лентаның ескі нұсқасын жақтаушы топ.

«Мұндай батыл шешімді қабылдаған Шымкент әкімі нағыз батыр екен. Біз ҰОС ардагерлерін құрмет тұтып, олардың есімін ұмытпауымыз керек. Бірақ ұлтқа қатысы жоқ идеологиядан құтылуға тиіспіз. Қазақстан лентаның өз нұсқасын ұсынды. Оны қабылдау парыз. Ал патша үкіметі кезінде қазақ жерін жаулағандар марапатталған, кейін немістерге сатылып, қазақтарға қарсы оқ атқандардың символына айналған Георгий лентасы — отаршыл идеологияның жемісі», — деп жазды оны алып тасауды қолдаған топ. 

Сіз қалай ойлайсыз? Қазақстанның Георгий лентасынан бас тартуы орынды ма?

«Қасым-ақпарат»

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика