Екі жастағы сәбиді өртеп жібергендерге үкім шықты

26 апреля 2017

Қарағандыда екі жастағы қыздарын өлтіріп, артынша мәйтті өртеп жіберген ерлі-зайыптыларға қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Qasym.kz

Қыздың туған анасы қылмыскерге қарсылық танытпағаны және мәйтті өртеуге көмек көрсеткені үшін алты жыл мерзімге қатаң режимді колонияда бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал марқұм қызды өлтірген өгей әкесі ерекше режимді колонияда 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Сотталушылардың соңында кәмелет жасына толмаған тағы екі бала қалған. Олар қазір балалар үйіне орналастырды. Айыпталушылар ата-ана құқығынан айырылған.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика