Екі оқушы қызды зорлап өлтірген қылмыскер мектепке жұмысқа тұрды

2 июня 2017

Жасөспірім қыздарды зорлағаны және өлтіргені үшін 12 жыл түрмеде отырып шыққан канадалық Карла Хомолка өзінің балалары оқитын христиан мектебіне ерікті ретінде жұмысқа тұрды. Бұл туралы  stan.kz хабарлады

Қылмыскердің таныстарының айтуынша мектеп кеңесі Карланың өмірбаянынан хабардар екен.

Карла Хомолка – қазіргі кездегі ең атақты қылмыскерлердің бірі. Ол күйеуі екеуі бірге екі жасөспірім қызды зорлап өлтірген. Ол сондай-ақ, өзінің туған сіңлісін де зорлаған.

2005 жылы түрмеден шыққаннан кейін ол күйеуге тиіп, аты-жөнін өзгертіп алады. Ол үш бала туып, сол балалары оқитын мектепке жұмысқа орналасқан. Ол мұғалімдерге оқушыларды сапар кезінде қадағалау бойынша көмектеседі екен.

Ал әйгілі қылмыскердің мектепке келгенін естіген ата-аналар шошыған. Олар Карланың мектепке келмеуін, балалармен араласпауын талап етіп отыр. Алайда мектеп басшылығы ол балалармен ешқашан бетпе-бет қалмайды деп ата-аналарды сабырға шақырыпты.

“Егер сіздің балаңыз бірнеше рет адам өлтірген адаммен араласып жүрсе қандай күйде болар едіңіз? Бұл дұрыс емес”, – дейді оқушылардың бірінің анасы.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика