Екі әйел мен сәбиді бауыздап тастаған жігіттің ақыл-есі дұрыс болмауы мүмкін

14 Қараша 2017

Батыс Қазақстанда облысында орын алған жантүршігерлік қылмысқа қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Тергеушілер қазір күдікті Әділет Камалиевтің 6 жастағы баланы бауыздап тастар кезде ақыл-есінің дұрыс болғанына күмән келтіріп отыр. 

«Тергеу ұзартылды. Қазір Әділет Камалиевтің ақыл-есінің дұрыстығын анықтайтын психолого-психиатриалық сараптаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Бұл сараптама үш айға дейін созылады», – деді облыстық прокуратураның өкілі Александр Цуранков.

Айта кетейік, қанда оқиға ағымдағы жылдың 5 тамызы күні орын алған.  Қылмыскер өз құрбандарына 18 жерден пышақ салып, артынша үйді өртеп жіберген. Кейін қолға түскен күдікті бұл қылмысқа қызғаныштан барғанын айтып ақталған. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика