Екі адам көлік ішінде өртеніп кетті (видео)

26 Ақпан 2018

Куәгерлер Алматы-Бішкек тасжолында өртеніп жатқан көлікті видеоға түсіріп алды. Көліктің жол-көлік оқиғасы салдарынан өртенгені айтылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 «Алматы – Бішкек тасжолында екі көлік бетпе-бет соғысты. Жол апаты салдарынан бір көлік толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер жайлы айтылмады», – делінген Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 26 ақпанда таңғы сағат 8-де Алматы облысы Отар ауылының маңында болған. Екі көлік соқтығысып қалған. Сондай-ақ, куәгерлер төтенше жағдайдан екі адамның қаза тапқанын айтады. Айтуларынша, өртенген көліктің ішіндегі адамдар қаза болды. 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика