Е.Ж.Малиновская «Репрессированная архитектура – сталинские новостройки, творчество и судьбы архитекторов»-атты кітабын ұсынады.

28 мая 2018

Заманауи өнер және сәулет саласының белгілі тарихшысы Е.Ж.Малиновская «Репрессированная архитектура – сталинские новостройки, творчество и судьбы архитекторов»атты кітабын ұсынады.

Кітап – мәдени мұраны сақтау – кеңестік және сәулет шеберлерлері мен олардың тағдыры туралы тарихи шындықтарды қалпына келтіру сынды актуалды мәселелерге арналған. Кітап тақырыбы – саяси қуғын-сүргіннің архитектура саласындағы көріністері сынды зерттелмеген меселелер. Қаншалықты тебірентер тақырып бола тұра террор құрбандарының өмірбаяны ғана емес, Қазақстандағы тарихи қалалардың, кенттердің, кеніштердің құрылу тарихын да қамтиды. Автор, сондай-ақ, әлеуметтік-мәдени геноцид тұпнұсқасы көшпенділердің үйреншікті тіршілік нысанын саяси орнату арқылы қиратқан республикада емес Ресей мен Еуропада іске асырылған, «құмда ұсталған көшпенділер» үшін кеңестік және шетелдік авангард оъебктілерімен, жобалармен таныстырады.

Кітап 2018 жылдың 31-мамыры қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Болашақ» Академиясы (Қарағанды) «Карлаг: келешек үшін есте сақтау» ғылыми-зерттеу және ағартушылық жобасының аясында жарыққа шығып отыр. Идея авторы, конкурс және жобаның ғылыми жетекшісі ‑ заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы.

Ұсынылған кітаптың тұсаукесері тақырыбына байланысты А. Черкасский, В. Брюммер, Н. Катаевский, П. Реченский, С. Саносян сынды саяси қуғын-сүргін құрбандары болған суретшілердің үздік жұмыстарын көрсете отырып өткізіледі.

Шара 2018 жылдың 30-мамырында Алматы қаласындағы «ARK» галереясының ғимаратында, сағат 18.30 басталады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика