Дзюдошы Ислам Бозбаев алтын алды

13 марта 2017

Әзірбайжанның Баку қаласында дзюдодан өткен  Grand Slam (Гранд Слам) жарысында 90 кг салмақ дәріжесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Ислам Бозбаев бірінші орынды жеңіп алды.

Ислам

Жерлесіміз жартылай финалда әзірбайжандық Турал Сафгулиевті «Алтын ұпай» бойынша тізе бүктірді. Ал финалда Рио олимпиадасына қатысқан  әзірбайжандық спортшы Мамадали Мехдиевті «юко» ұпайымен  ұтты.

Айта кетейік, Ислам Бозбаев 2015 жылы «жаттығу кезінде командалық режимді бұзды» деп айыпталып, Қазақстан дзюдо федерациясының шешімімен екі жылға құрамадан шеттетілген болатын. Кейін оған бапкерлер кеңесі кешірім беріп, бір жарым жылдан кейін құрамаға қайта оралды. Ислам Бозымбаевтің есімі спорт сүйер қауым арасында тентектігімен де жақсы танымал. Ол Қарағанды спорт мектебінің түлегі.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика