«Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық жыр мүшәйрасының (байқау) ЕРЕЖЕСІ

27 Маусым 2018

«Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық жыр мүшәйрасының (байқау) ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2018 жылдың 19 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық жыр бәйгесін өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты:
Қасым Аманжолов мұрасын насихаттай отырып, поэзияның дамуына ықпал ету, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын қара өлеңнің құдіретімен қалың жұртшылыққа паш ету.

Шарттары:
мүшәйраға 18 – 40 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады; қамтылатын тақырыптарына қарай Қасым Аманжоловқа арнау, Рухани жаңғыру бағдарламасы жайында және еркін тақырыпта 3 өлең ұсынылуы тиіс; әр өлең көлемі 100 жолдан аспауы керек; шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) жіберілуі қажет;
жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;
қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;
қазылар алқасының алдын-ала іріктеуінен өткен үміткерлер қорытынды шараға қатысады.

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
туындының көркемдік сапасына;
автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.
Барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.

Мүшәйраның жүлде қоры:

Бас жүлде (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге
І орын (біреу) – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге
ІІ орын (екеу) – 250 000 (екі жүз елу мың) теңгеден
ІІІ орын (үшеу) – 150 000 (жүз мың) теңгеден
Ынталандыру сыйлығы (он) – 30 000 (отыз мың) теңгеден
Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Мүшәйраға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.

Мүшәйраға қатысу
Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2018 жылғы 1 қазанға дейін b.altynbek@karaganda-region.gov.kz электронды мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: 8 (7212) 567476

«Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық жыр мүшәйрасына қатысуға өтінім үлгісі


Тегі, аты, әкесінің аты
Туған күні, айы, жылы
Республика өңірі
Жұмыс/оқу орны
Байланыс телефондары


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика