Діни радикализмнің алдын алу жөнінде семинар өтті

29 Қараша 2017

Қарағанды облысы «Конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығы» КММ мен Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп ағымдағы жылдың 29 қарашасында Достық үйінде «Діни радикализмнің алдын алу жөнінде халық арасында жүргізілетін жұмыстардың жаңашыл пішіні» атты ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар өтті, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ҚХА баспасөз қызметі.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында  атқарылып отыр.

ХХІ ғасырда әлемге жаңа қауіп төнді. Ол – дәстүрі діндердің атын жамылып, өздерінің жымысқы әрекеттерін жүзеге асыратын түрлі радикалды топтар. Қазақстан Республикасының басты құндылығы оның азаматтары және олардың құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан да елімізде түрлі алауыздықтар мен кемсітулерге жол берілмейді. Ол үшін діни және ұлтаралық татулықтың сақталуын қамтамасыз ету керек. Елге радикалды топтардың еніп кетуін және тұрғындар санасын улауға жол берілмеуі тиіс. Бүгінгі өтіп отырған шараның да басты мақсаты осында жатыр.

Сонымен қатар, мұндай келелі басқосуда көтерілген мәселе конфессияаралық келісімді нығайту саясатын іске асыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, мемлекеттік конфессиялық қатынастар және дін саласындағы мәселелерге  жұртшылықтың назарын аудартып, қоғамда орын алып отырған кеселге қарсы күрестің бұқаралық сипат алуына өзіндік үлесін қосары сөзсіз.

Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің тақырыптық дайындығы   аталған бағыттағы салада халықпен жұмыс жасауы, конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Семинар жұмысына облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің облыстық және аймақтағы кеңес мүшелері қатысты.

Семинардың модераторы ретінде «Қарағанды облысының Дін істері басқармасының» басшысы Н.Р.Бикенов іс-шараны жүргізіп отырды.
Топпен өткізілген сабақтардың модераторлары «Қарағанды облысының Дін істері басқармасының» бөлім бастығы С.К.Тілекбаев, Қарағанды облысы «Конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығы» КММ бөлім бастығы Г.Б.Далабаева, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, қылмыстық процесс кафедрасының доценті Л.К.Әренова күн тәртібінде көтеріліп отырған өзекті мәселелер жөнінде өз ойларын ортаға салып, ортақ істің оңтайлы әрі нәтижелі шешілуіне қатысты жұмыс тиімділігін арттыруға байланысты өз пікірлерін білдірді.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика