Динара Сәтжан даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

14 августа 2017

Динара Сәтжан әлеуметтік желіні шарлап кеткен видеоға қатысты мәлімдеме жасады. 

 «Мені бұл шараға жүргізуші болуға шақырды. Менің міндетім компанияның тарихымен таныстырып, әртістерді хабарлап тұру және ұтысқа ие болғандарға жүлдені табыстау болған еді. Ұтысты  иллюзионист өткізуі керек болды. Сондықтан даулы видеоға қатысты сауалдарды маған емес, ұйымдастырушыларға қою керек. Мен барлығының әділ өтетініне сенімді болдым. Әрі қымбат тонды қарағандылық бойжеткен ұтып алып, әлеуметтік желіге жариялады», — деп жазды Динара Сәтжан.

Тележүргізуші ғаламтор қолданушыларының неге мұнша дау көтергеніне таңғалып отыр. Өйткені ұтысқа бар болғаны 40-қа жуық адам қатысқан. Олардың тең жарымы жүлдеге ие болыпты. Сонымен қатар, алдағы таңда ол мұндай шараға қатысарда бұл кемшілікті ескеріп жүретіндігін айтты. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика