Димаш Құдайберген «Славян базарында» тыңдарманды тәнті етті (видео)

18 июля 2017

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Витебскте өткен «Славян базары — 2017» байқауының жабылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысты. Сахна төріне көтерілген әнші Адажио компазициясын орындап, тыңдарманды өзінің ерекше даусымен тәнті етті, — деп хабарлайды Qasym.kz

Аталмыш байқауға биылғы жылы Қазақстан атынан Айри есімді әнші қыз қатысқан. Димаш өзінің «Инстаграм» желісінде қалдырған жазбасында тыңдармандарын жас әншіге қолдау көрсетуге шақырып, оның шығармашылығына сәттілік тіледі.

«Биыл «Славян базары» байқауында екінші жыл қатарынан құрметті қонақ ретінде өнер көрсеттім. Осы мүмкіндікті маған сыйлап, шексіз ілтипаттарын көрсетуден жалықпайтын фестиваль ұйымдастырушыларына шексіз алғыс айтамын! Мені алыстан қолдап келген барша жанкүйерлерге де мың алғыс! Саxнаға шыққан кезден бастап Сіздердің энергияларыңыз мені ерекше көңіл-күйге бөледі! Биыл «Славян базарына» Еліміздің атынан Айри @ayree_official есімді отандасымыз қатысты. Өкінішке орай, жүлделі орын алмаса да — мен Оны қолдап, амфитеатрда нағыз лайықты өнер көрсеткенімен құттықтағым келеді!!! Айридің дауысы ерекше, болашағы зор! Барша жанкүйерлеріме, замандастарыма жас әншіні қолдауға шақырамын! Айтпақшы, «Славян базарына» домбыраны алғашқы алып шыққан Айриге өз атыманан раxмет айтамын!!! Алдағы үлкен шығармашылығыңа сәттілік!!!», — деп жазды Димаш Құдайберген.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика