ДЕРЕУ! Ұлттық арна алақанға «сыйып кетті»

19 Наурыз 2017

«Қазақстан» ұлттық арнасының мобильді қосымшалары жаңартылып, жылдамдығы күшейе түсті. Бұл туралы медиасарапшы Дулат Аманжол хабарлады өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Play Market нұсқасы

Play Market нұсқасы

— «Обновление» деген осы. Бұл «обновление» ұлттық арнадағы қазіргі процессті дәлме-дәл суреттеп тұрғандай. Солай ма?
Ерлан Қарин, Ерлан Атамбай, қос Ерлан [ағаларымыз], ренжімеңіздер маған. Енді пультке жүгіріп, ұлттық арнаны қосуға асықпаймын! Сетка бір маған қарап қалған жоқ шығар?!
Сіздердің корпорацияларыңыз қандай ірі болса да — менің 5 дюймдік смартфоныма «сыйып кетті». Солай. 1 сағаттай тест жасадым, ұшып тұр енді. Радио деген енді бөлек әңгіме. Тамаша акустика. Мен үшін бүгінгі басты жаңалық осы! – дейді Д.Аманжол.

AppStore нұсқасы

AppStore нұсқасы

Естеріңізге салсақ, AppStore немесе Play Market-ке дәл қазір кіріп «РТРК Казахстан» мобильді қосымшасын жүктей аласыз. Ол не үшін қажет? Головкиннің шаршы алаңдағы «төбелесін» енді  телевизорға жүгірмей, өз телефоныңыздан көре аласыз!

Нұрлыхан Қалқаманұлы,
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика