ДЕРЕУ! Шымкенттік депутаттардың неге төбелескені белгілі болды

29 марта 2017

Наурыз мейрамы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас аудандық мәслихаттың екі депутаты төбелесіп қалған болатын. Алпыс жасты алқымдаған халық қалаулылары бір біріне жұдықырық ала жүгіріп, нәтижесінде бірінің көзі көгерген, екіншісі жүрегі ұстап ауруханаға түскен. Кейін олар төбелестің неден туындағанын, қалай өрбігенін баяндап беріпті. Бұл туралы Ratel.kz ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлады.

депутаты
Қос ақсақал ескі достар екен. Араларында бұған дейін де келіспеушіліктер болған. Алайда жұдырық жұмсап, жаға жыртысуға дейін бармаған екен. Бұл жолғы төбелес Темірбастау ауылың әкімін сайлаудан басталған. Төбелесуші тараптар өз адамдарын ұсынады. Сайлау нәтижесінде Меңлібеков ұсынған адам өте алмай қалады. Әйтсе де бұл кезде тараптар сабырлылық танытып, реніш танытпайды.
«Біз ауыл әкімін сайлаған болатынбыз. Бұл Меңлібеков екеуміздің аймағымыз, сондықтан біздің өз мүдделеріміз бар. Әрине әкім тағына өзімізге жақын адамдарды қойғымыз келді. Сайлау нәтижесінде Меңлібековтің адамы жеңіліп қалды. Әйтсе де біз бұған қарамастан, достық қатынастарымызды сақтап қалдық», — дейді Маткаримов.
Арада бірнеше күн өткен соң барып, депутат Айтбек Меңлібеков мәслихат хатшысы Өтепбай Маткаримовтың кабинетіне барады. Сол жерде досының өзін телефон арқылы жамандап жатқанын естиді. Жанжал туып, соңы жұдырық жұмсаумен аяқталады.
«Ол маған ауыл әкімі етіп бір адамды қоятынын айтқан болатын. Алайда кейін мүлдем басқа адамды отырғызды. Мен бұған ренжіген жоқпын, біз депутаттармен бірге шай ішіп, әдеттегіндей тарастық. Екі-үш күн өткен соң оның телефон арқылы біреуге мені жамандап жатқанын естідім. Ол телефондағы адамға жаңа әкімді менің талабым бойынша қойғанын айтты. Мен ондайға төзбеймін», — дейді Меңлібеков.

Сұлтан Жомартұлы

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика