Дәурен Айдарқұловтың алғашқы әйелі мәлімдеме жасады

10 октября 2017

Бірде ажырасып, бірде қайта татуласып жүрген әзілкеш Дәреннің соңғы кездері инстаграм парақшасына алғашқы некесінен туған балаларының суретін жиі салатын болыпты. Мүмкін, бірінші әйелімен татуласқан шығар? Мұны бұрынғы әйелі Баян Әкімжанованың өзі айтсын.

Жекеге келген толассыз хаттардан шаршап кетсе керек, Баян Әкімжанова фэйсбуктегі парақшасына жазба жариялапты, деп хабарлайды Facebook желісіндегі «Атамның басы-ай» парақшасы.

“Қайырлы күн, сүйікті оқырмандарым! Жақында парақшамда пікір қалдыруды шектеп тастаған едім, ол үшін айып етпеңіздер! Маған ақ тілегін жазып жатқан жандар көп, алайда менің бұрынғы жұбайыма қатысты дөрекі сөздер жазатындар да жетерлік.  Ол өте жақсы адам, ақкөңіл, жаны ашып тұратын жақсы әке және бар балаларын шексіз жақсы көреді. Оның және біздің басымыздан өткен нәрселер – бар болғаны біздің тағдырымыз. Әркімнің өз жолын таңдауына құқы бар, мен де солай жасадым.

Парақшамда пікір қалдыруға шектеу қойған соң, жекеге сан мыңдаған сұрақтар келіп жатыр. Осы жазбамда маған жиі қойылатын сұрақтарға жауап берсем деймін. Сонымен, екеуміз қайта қосылдық па? Жоқ. Біз екеуміз ресми түрде және шариғат жолымен ажырастық. Дәуренмен және оның ата-анасымен қарым-қатынасым мінсіз. Олар 9 жылдан бері менің ата-анам болып келді, әрі қарай да солай болып қала береді. Ал Дәурен екеуміз жақсы доспыз. Екеуміздің үш баламыз бар, бір-бірімізге қырын қарағаннан тек балалар қиналады. Бұған дейін де айтқанымдай, ажырасуға мен де қарсымын. Алайда отбасын сақтап қалу үшін бәрін жасап, алайда одан ештеңе шықпаса, ең болмағанда балалардың бақытын ойлау керек»,- деп жазды Баян.

Ол «Бұрынғы күйеуіңізді кешіресіз бе?» деген сұраққа да жауап беріп, Дәуренмен қосылуға зауқы жоқ екенін айтты.

«Жоқ! Әркімнің өз таңдауы бар, мен өзім таңдау жасадым. Оны кешіргеніммен, жан дүнием бос,  жек көрмеймін де. Өзім таңдау жасағандықтан,

қайта қосылуға зауқым жоқ.

«Бұрын бар жүрегіңмен жақсы көрген адамды қалай жібере салуға болады?»,- дейтіндерге  менің жауабым: Өткен өмірімді қазіргі өміріммен салыстырып көріңіздер. Бұрын мен жәй ғана бар болсам,  қазір өмір сүрудемін. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін!”, – деп жазды Баян Әкімжанова Instagram парақшасында.

Еске салсақ, танымал әзілкеш «Кешью» тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен екінші отбасын құрған. Бірақ жуырда ғана Ақбота Дәуренді бірінші отбасына жібергенін айтқан болатын.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика