Дарға асылған адам бір жарым ғасырдан соң ақталды

9 апреля 2018

Ирландияда 140 жыл бұрын дарға асылған адамның кінәсіз екені дәлелденді. Ирландия президенті Майкл Хиггинс Ирландия Республика ретінде аталмай тұрып жазаланған Майлз Джойсты ақтап алды. Ол бұл іс «Ирландия және Британ тарихында ұятқа қалдыратын оқиға» екенін және осы шешім өткеннің қателігін түзету керек деп айтты. Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Джойс бес адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 1882 жылдың желтоқсан айында дарға асылған. Дегенмен, Джойспен бірге сотталған екі адам оның кінәсіз екенін айтқан. Бірақ сол уақытта бұл ақпаратқа қарамастан, оны жазалаған. Сонымен қатар, сот тыңдауы сотталушылар түсінбеген ағылшын тілінде жүргізілген.

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын Ирландияның Голуэй округінде болған қылмыс елге қатты әсер етті. Сол кезде алты адамнан тұратын отбасының бесеуі үйінде қастандықпен өлтірілген. Джойстың кейбір жәбірленушілермен таныс екені белгілі еді. Оның қылмысқа қатысы бар деген ақпарат күмән тудырған.

Ирландия үкiметі жазаланған азаматқа тағылған айып жалған екенi анықтағаннан кейiн, Джойстың кiнәсiздiгi туралы алғаш рет 2015 жылы жариялады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика