Даңқ ескерткішінен Георгий лентасы алып тасталынды

6 мая 2017

Жеңіс күніне үш күн қалғанда Шымкент қаласындағы Абай атындағы саябақта орнатылған Даңқ ескерткішінен Георгий лентасы алып тасталды. Қала билігі осындай шешім қабылдаған тәрізді. Алайда оның орнына қандай белгі орнатылатындығы әзірге белгісіз, — деп хабарлайды Qasym.kz

 

Халық арасында дауға айналған лентаны алып тастау туралы жұмыскерлерге кімнің пәрмен бергені әзірге белгісіз. Ресми органдар тарапынан бұл тұрғыда еш пікір айтылмады. Ал жұмысшылардың өздері «Шымкент қалалық сайты» тілшілерінің  сауалына жауап беруден бас тартқан.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика