Данияр Елеусінов жанкүйерлерімен қоштасты

7 марта 2017

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Америкаға кетерден бұрын жастармен кездесіп, қоштасу рәсімін  өткізуді. Кездесуге  спортшының  жанкүйерлері келіп, автограф алды және естелік суретке түсті. Бұл туралы Қазақстан Бокс федерациясы хабарлады.

Данияр

Осыған дейін Даниярдың промоутерлік компаниямен келісім-шартқа отырғаны және кәсіпқой боксқа ауысқанын хабарлаған болатынбыз. Данияр шетелге отбасын да алып кетеді. Бұл оның алаңсыз жаттығумен айналысуына оңтайлы жағдай тудыру мақсатында қабылданған шешім.

Австралиялық MJA Entertaiment промоутерлік компаниясының хабарлауынша, боксшысы Америка спорт залында жаттығады. Оның кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуі мамыр айында Қытайда өтеді деп күтілуде.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика