Данияр Елеусінов АҚШ-қа көшеді

21 февраля 2017

Данияр ЕлеусіновҚазақ боксының жарық жұлдызы, Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов наурыз айында отбасымен бірге АҚШ-қа көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы боксшы Vesti.kz порталына берген сұхбатында хабарлаған.
«Әзірге нақты ешқандай ақпарат айта алмаймын. Ақпан айының аяғы немесе наурыз айында кетемін. Нақты білетінім, туған ағаммен (Дәурен Елеусінов) және әкеммен бірге жаттығу жасаймын», — дейді Данияр.
Ол олимпияда чемпионы атанған соң кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Оның алдағы жаттығулары мен кездесулері негізінен Америка құрылығында өтетід. Сондықтан да ол отбасымен бірге қоныс аударуды жоспарлап отыр.
Бұл боксшы Қазақстаннан біржолата кетеді дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта Қазақстанға келіп тұрмақ. Бірақ бокс өнері оның Америкада болуын талап етеді, сондықтан да осындай шешім қабылдап отыр.
Айта кетейік, Кәсіпқой бокста Данияр жартылай орта салмақта (66 келі) өнер көрсететін болады. Ол әкесі Марат Елеусіновтің қолында Флорида штатында жаттыға бермек. Кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуі биыл мамыр айында Қытайда өтеді деп жоспарлануда.

«Қасым-Ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика