Бұзақылар бойжеткенге ара түскен жігіттің құлағын кесіп алды

19 сентября 2017

Мәскеулік полицейлер қала орталығында төбелес ашып, бір азаматтың құлағын кесіп алған бұзақыларға іздеу жариялады. Қанды оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктілердің жас шамасы 25-26-ларда.  

Оқиға түнгі 00:30 шамасында Архангельск көшесінің бойында орын алыпты. Түнгі ауысымнан шыққан күзетші жігіттер үйге қайтып бара жатқан кезде көмекке шақырған бойжеткеннің даусын естиді. Артынша жас қыздың жолын кес-кестеп, мазақ қылып тұрған бір топ жігіттерді көрген. Күзетшілер оларға ескерту жасап, қызды жайына жіберуді сұрайды. Осы арада жанжал туындап, бұзақылар өздеріне ескерту жасаған азаматтарға шабуыл жасаған. Күші басып түскен бұзықтар олардың бірін жеңіл жаралайды ал екіншісінің құлағын кесіп тастаған. Осыдан соң оқиға орнынан қашып кетеді.

Қазір құлағынан айырылған азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігер оның құлақ қалқаншасы қайта тігіп беруге жарамсыз екендігін жеткізген. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика