БҰҰ сарапшылары бақсы-балгерлерді жарнамалауға тыйым салуды ұсынды

9 октября 2017

БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың 100-деп астам сарапшылары бақсы-балгерлердің алаяқтық әрекетінен азаматтарды қорғауға қатысты құжаттарды қабылдады. 

Олар ұйымға мүше мемлекеттерге халық емшілерінің әрекеттерін қатаң бақылауға алуды және балгерлер туралы БАҚ беттеріндегі жарнамаларға тыйым салуды ұсынды.  Олардың мұндай шешім қабылдауына, алаяқ емшілердің арбауына түскен адамдардың дертіне шипа табудың орнына ауру жамап алатындығы себеп болған. Өйткені өздерін тылсым әлеммен байланыстыратын бақсы-балгерлер науқастың психикасына әсер ете отырып, оларды өзіне бағынышты етіп алады. Артынша ойларына келгенді жасайды.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика