Қасым Аманжолов. Бурабай толқындары

2 Желтоқсан 2017

БурабайБаурында «Оқжетпестің» тұрдым жалғыз,
Көл жатты күле толық, айтып аңыз.
Үстінде Бурабайдың жарқ- жұрқ етіп,
Қайықпен келе жатты аққудай қыз.
Шақырдым: «қарындасым, кел бері деп,
Қайығын тосты маған қыз күлімдеп.
Көрмеге ол отырып, мен ескекке,
Толқыта кеттік тартып; жел соқты үдеп.
Жел  соқты бізді әдейі сынағандай,
Жығылды жапырыла толқын жардай.
Біресе жайындай боп жон көрсетіп,
Біресе бүкететіліп айдаһардай.
Көк ала  арландай боп абалайды,
Алды орап, соңнан  қуып, жағалайды.
Біресе ауға түскен шортандай боп,
Құйрықпен қайығымды сабалайды.
Сескеніп сыр берместен келем есіп,
Тәкаппар тентек толқын кетті егесіп.
Лап беріп ұмтылады қайығыма,
Шегініп тұрады да аз кеңесіп.
Ентелеп келеді де, кер кетеді,
Біресе ойнаған боп тербетеді.
«Бойында өр қайраты бар ма екен» деп,
Сынамақ болад білем мені тегі.
Т олқыннан мен бе болар қорқынышты,
Толқытып тарта бердім әнге басып,
Толқытып тарта бердім әнге басып,
Бір мезет қыз көзіне көзім түсті.
Көзінен нәзік сұлу көрдім жанын,
Оның да көлдей көңіл толқығанын:
Қауіптің қара қөңлі толқығанын:
Қашырып бара жатыр беттің қанын.
Үрпиеген балапандай қыз үрейлі,
Дөңгелек көзі көлдей мөлтілдейді.
Үстінде толқып кеудесінің
Қараш қара бұлтау желпілдейді.
– Ағажан, бұзылдығой күн райы,
Ежелден белгілі ғой толықын жайы.
Қайталық, тіл алыңыз, әне алда
Толқының ойпақап жүр асау тайы.
Қайтпайтын әдетім бар алған беттен,
Қыз сөзін құп көрмедім сол себептен.
– Сескенбе, қарымдасым, ән шырқай бер,
Бұдан да зор толқынды жарып өткен.
Даурығып әлденеге толқын шулап,
Көк ала айғырлардай жатыр тулап.
Таң  қалып   бұл қызыққа қарағандай,
Төбеде түрды бұлттар будақ- будақ.
Бүйірін ескегіммен ірей тартып,
Толқынды алсау керек ашулатып.
Қасқырдай қамады кеп жан- жағынан,
Жіберді қайғымды қалтылдатып.
Қорқаудай  көк жал толқын жетті екпіндеп,
Белінен қайығымды секірді кеп.
Құп – қу боп қыз үрейі кетті қашып,
Көзінен шыға келді жас мөлтілдеп.
Сонда да сыр берместен тарта бердім,
Толқынның ойнағына мен де үйрендім.
Көлденең келннің белін жамшып,
Ескек пен ентелесе, басқа пердім.
Айбары арыстандай бір долы бұлт
Ойнақтап, көк  төсіне шықты  жалт- жұлт
Гүрілдеп тұрды – дағы шарт етті ол,
Жаңғыртты, болғандай – ақ Бурабайдан,
Бұлт төніп созды мойнын айнадайдан.
Ту асау толқындарға мініп алып ән шырқап,
Бурабайда салды сайран.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика