Бүлдіршіндерді сабаған тәрбиеші шәкірттеріне де соны үйреткен (видео)

29 мая 2017

Қарағандыда балаларға қаталдық танытқаны үшін жұмыстан қуылған педагогтан іс-тәжірибе жинақтаған студенттер де жазаға тартылуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап. 

«Балақай» балабақшасында балаларға қатыгездік таныту дерегі анықталғаннан кейін Instagram желісінде екі қыздың балаларды қолдарынан жұлқып жүрген видеосы жарияланды. Видео балаларды ұрған педагог жұмыс істеген балабақшада, тіпті сол топта түсірілгені белгілі болды. 
Қалалық білім басқармасының өкілдері бұл видеоны қарауға алып, видеода жұмыстан қуылған педагогтан іс-тәжірибе алған екінші курс студенттері екенін мәлімдеді. 

«Бұл видео № 7 топтағы видеобақылау материалдарының бір бөлігі. Материалдар балабақша директоры ата-аналарға және Оңтүстік-Шығыс аудандық полицияға берілді. Видеодағы қыздар осы топта іс-тәжірибе жинақтаған колледж студенттері. Бұл топтың тәрбиешісі жұмыстан шығарылған, ол балабақша директорын студенттердің міндетін орындай алмай жатқанын және педогогикалық әрекетке жатпайтын амалдар қолданып жатқанын дер кезінде хабарламаған», — дейді білім басқармасының өкілдері. 

Сонымен қатар, балабақша әкімшілігі мен ата-аналар студент қыздарды оқудан шығару туралы колледжге хат жолдаған. Барлық дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика