Бұқар Жыраудың 350-жылдығына арналған I Халықаралық жыршы-жыраулар фестивалі өтеді

10 Мамыр 2018

Қазақ хандығының көрнекті тұлғасы, белгілі жырау Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай Қарағанды облысында  I Халықаралық жыршы-жыраулар фестивалі өтеді.

Фестиваль 11 мамыр күні – Бұқар Жырау ауданы Ботақара мәдениет үйінде, 12 мамыр күні – Қарағанды қаласы К.Станиславский атындағы орыс драма театрында өтеді.

Бағдарлама:

  1. Бұқар Жырау ауданы Ботақара мәдениет үйінде гала-концерт сағат 00-де;
  2. Қарағанды қаласы К.Станиславский атындағы орыс драма театрында фестивальдің ашылуы сағат 00-де;
  3. Қарағанды қаласы К.Станиславский атындағы орыс драма театрында фестивальдің жабылуы сағат 30-да.

Фестивальге шет ел мемлекеттерінен Ресей Федерациясынан, Моңғолия, Қырғызстан және Қарақалпақстан елдерінің өнерпаздары қатысады. Сондай-ақ, мемлекетіміздің Астана, Көкшетау, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Алматы қалаларынан жыршы-жыраулар өз өнерлерін паш етеді.

Қатысушылар:

  1. Алматов Алмас (Астана);
  2. Тлеухан Бекболат (Астана);
  3. Әлімжанов Баянғали (Көкшетау);
  4. Шалдыбеков Ерболат (Астана);
  5. Сарсенбаева Майра (Қызылорда);
  6. Сүгірбай Марат (Қызылорда);
  7. Оразов Фархат (Орал);
  8. Жолымбетов Демеубай (Ақтөбе);
  9. Уатқан Шаттық (Алматы);
  10. Әркенов Дәуренбек (Қарағанды);
  11. Камиев Дидар (Қарағанды);
  12. Әдікей Қазбек (Алматы);
  13. Рүстембеков Бидаc (Қызылорда);
  14. Исламғалиев Армат (Орал);
  15. Көмеков Амандық (Маңғыстау);

Фестивальге қатысатын шетелдік жыршылар тізімі

  1. Айдын Курманов, Ресей Федерациясы Алтай Республикасындағы саны аз телеңгіт халқының өкілі, кайчы(жыршы), халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін лауреаты, «Оскус уул» эпосының орындаушысы.(Алтай Республикасы);
  2. Айпери Кулбаева, ырчы, «Құрманбек» эпосының орындаушысы, Қырғызстандағы республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы. (Қырғызстан);
  3. Ринат Тәжібаев, Бесқала өңірі жыршылық мектебінің өкілі, әйгілі Наурызбек жыршының шәкірті. «Асау-Барақ» эпосының орындаушысы. (Қарақалпақстан);
  4. Авирмед Балдандорж, жыршы, Моңғолия Республикасының халық әртісі, «Наранхуу хаан» эпосының орындаушысы. (Моңғолия);

Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика