БҮГІН! Дүйсенбі қандай ауа райы күтіп тұр?

19 февраля 2018

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс және солтүстік-шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні — 15-20, күндіз ұйытқуы — 23-28 м/с, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын.

Батыс Қазақстан облысында синоптиктер тұман түседі деп хабарлайды, боран соғып, көктайғақ болады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика