Бүгін алматылық феминистер түнгі шеруге шықпақ

6 мая 2017

Kazfem қазақстандық феминистер тобы түнгі Алматыны жаулап алмақ. Бұл туралы олар өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында  мәлімдеп, әйелдердің тарихи түнін өткізетіндігін мәлімдеді — деп хабарлайды Qasym.kz

Әйелдердің тарихи түні халықаралық шара болып табылады. Бұл күнде әлемнің көптеген елдерінде қыз-келіншектер 8 мамыр күні түнгі шеруге шығып, өз құқықтарын қорғауды талап етуде. Олар түнгі қалада белгіленген жерге жиналып, ұран көтеріп, көше бағандарына өздеріне үлгі болған танымал  әйелдердің өмірлері жазылған парақтарды жапсырады. Осы арқылы өз қатарына басқа адамдарды қосып алуға талпынады. 

Мұның екінші атауы — әйелдің қаланы жаулап алуы. Кейбір кездері олар қаладағы көше атауларын да өз қалаулары бойынша өзгертіп жібереді. 

Айта кетейік, қазақстандық феминистер қозғалысы 8 наурыз күні де шеру өткізіп, қазақстандықтарды гендерлік теңдікті сақтауға және зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырған болатын.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика