БҮГІН. 10 тамызға арналған ауа-райы болжамы

10 августа 2017

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

ауа райы 

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Жамбыл, Батыс-Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

 Атырау, Павлодар облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, дауыл күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ күтіледі.

Қызылорда облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман, бұршақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.Күндіз Алматы, Маңғыстау облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы сақталады.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика