«Болашақ» академиясында Абайды ұлықтаған іс-шара өткізілді

13 апреля 2019

Абайға арналған кешАбай мен қазақ егіз ұғымға айналды. Қуантарлық жайт. Абайды оқып, Абайды дәріптеу әр қазақ баласының мойынына жүктелген міндет. Сайып келгенде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру үшін, біз Абай шығармаларын санамызға сіңіруіміз керек, әсіресе сақауланып бара жатқан осы күніміздің алдын алу мақсатында. Міне осы ниетте қаламызда нақтырақ айтсақ Қарағанды «Болашақ» академиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оқытушылары мен студенттері ұйымдастырған ашық сабақ өткізілді.Сабақтың тақырыбына «Абай сөзі-қазақтың бойтұмары» атты дәйексөз тиек болды. Шараны «Болашақ» академиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оқытушысы Жандос Шекенұлы дәріспен бастап, өзге мамандық студенттерінің сұрақтарына жауап берумен аяқтады.Одан әрі сабағымыз «Болашақ» академиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламамен жалғасты. Шарада студенттердің Абай атамызға арналған арнауларын,басқа тілдерге аударылған Абай өлеңдерін, әндері мен күйлерін тарту етті. Сабақ соңында «Болашақ» академиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының жетекшісі Құрманғазы Зәкірұлы мен «Болашақ» академиясында «Қылмыстық құқық және іс жүргізу» кафедрасының жетекшісі Ақылбек Тайболатұлы қорытындылап және ұйымдастырушыларға алғыстарын айтумен тәмәмдады. Сабаққа қатысқан студенттердің рухани баюына себеп болар осындай шаралар игі бастама.

Сұлтан Қазиев
«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика