Бойжеткенді елу мың теңге сатпақ болғандар ұсталды

26 апреля 2017

Астана қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Алматы облысының 20 жастағы тұрғынын құлдықтан құтқарып қалды. Тараз қаласының 33 жастағы тұрғыны оны үйленемін деп алдап, Астана қаласына әкеліп, құлдыққа сатпақ болған. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Жәбірленушінің айтуынша, күдікті азамат оған үйленетіндігін айтып, Астана қаласына анасымен таныстыруға әкелген. Алайда бас қалаға келген соң А есімді азаматқа 50 мың теңгеге сатып жібермек болады. Қазір күдіктілер ұсталып, қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Қазір аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 128 бабы «Адам саудасы» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындаған.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика