Бөгде ғаламшарлықтардан қалған «тылсым» ауыл халқын әбігерге салды

20 сентября 2017

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының тұрғындары ғажайып оқиға туралы əңгіме таратқалы біраз болды. Аудан орталығынан 25-30 шақырымдай жерде қалыңдығы 40 сантиметр, ұзындығы 11 метр, ені 4,5 метр болатын «қақпақ» пайда болған.

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Бұл аумақ Бозай елді мекеніне қарасты шаруа қожалықтарының біріне тиесілі шабындық жер. Жердің беткі қабатын осылайша ұқыпты түрде «қырқып» алған кім екенін əзірге ешкім түсіндіре алмай отыр.

Адам қолынан келмейтін бұл еңбекті əркім əр түрлі болжауда. Алайда бозайлықтар бұл бөгде ғаламшарлықтар тірлігі деген пікірде. Өйткені осыдан 28 жыл бұрын ауылға қонған «тəрелкені» бірнеше адам көрген.

Бұл туралы ауыл тұрғыны, тарих пəнінің мұғалімі Əділбек Баймоллаев хабарлап отыр. Қалай десек те, мəселені ғалымдар зерттегені жөн.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика