Биыл 1,4 миллион бала аштықтан өлуі мүмкін

29 марта 2017

Көмек көрсетілмесе, Нигерияда, Оңтүстік Суданда және Йеменде 1,4 бала аштықтан өлуі мүмкін, — деп хабарлайды «Радио ООН» басылымы. Мұндай мәліметті БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) келтіріп отыр. Бұл мақсатта ұйым 225 миллион доллар сұратып отыр, деп хабарлайды tengrinews.kz.

  • «Таяудағы айларға қажет етіліп отырған қаржы — 2017 жылы қажет болатын жалпы соманың жартысы ғана. Жалпы 712 миллион доллар қажет — өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жоғары», — дейді БҰҰ басшысының баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак.

Ұйымның мәлімдемесінде аштық, құрғақшылық және қақтығыстар жайлаған елдерде миллиондаған балалардың тойып ас ішпейтіні, ауыратыны, баспанасының жоқтығы, мектепке бармайтыны айтылады. ЮНИСЕФ өткен жылдардан сабақ алуға шақырады: мәселен 2011 жылы Сомалиді аштық ресми түрде жарияланғанда көптеген бала қаза тапқан. Балалар қорының өкілдерінің айтуынша, халықаралық қауымдастық мұндай жағдайдың алдын алу керек.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика