Бірнеше жыл бұрын қаза болған сәбидің әруағы камераға түсіп қалды (фото)

9 мая 2017

Тылсым дүниеге сенесіз бе? Қазір ғылым мен технология дамыған заманда елеске сену ақымақтық тәрізді көрінеді. Әйтсе де табиғаттың ашылмаған жұмбақ құбылыстарының көп екендігін мойындауға мәжбүрміз. Өйткені кейбір кездері ғылыми тұрғыда түсінбіруге келмейтін дүниелер орын алып жатады. Соның бірі өлілер рухының адам көзіне көрінуі, — деп хабарлайды Qasym.kz

The Daily Mail басылымының хабарлауынша, Нью-Йорк штатынның Кембридж өлкесіндегі ормандардың бірінде орын алған оқиға қала тұрғындарының үрейін ұшырып, түрлі аңыз-әңгімелердің таралуына себеп болған. Ғалымдар орманға бейне камера орнатып, жан-жануарлардың тыныс-тіршілігін бақылмақ болады. Бірақ олар күтпеген суреттер топтамасына тап болған. Осыдан біраз уақыт бұрын Гринвичтегі шаңғы курорты қожайынының немересін пойыз басып кеткен. Сәбидің рухы жай таппай, орманды кезіп кеткен сыңайлы. Аталмыш камераға түсіп қалған бейне сол қыздың әруағы болып шықты.

Қазір Гринвич Зерттеу орталығының ғылми қызметкері камерадағы қыздың суреттерін зерттеуді бастап кеткен. Олар мұның қалай орын алғанын анықтамақ.

Сұлтан Жомартұлы

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика