Бес қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген еркек ұсталды

27 августа 2017

Атырау қаласында бес бірдей келіншекті жезөкшелікке жеккен азамат құрықталды. Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Алматы облысынан келген азамат жеңгетайлық қылып, арам жолмен ақша тауып келген. 

Полицияның дерегінше, жәбірленушілердің жас шамасы 19 бен 38 аралығында. Ер адам оларды жезөкшелікке жегіп, тапқан ақшаларын тартып алып отырған. Құлдыққа төзбеген қыздардың бірі ебін тауып, полицияға шағым түсірген екен.

Қазір аталмыш іс бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика