Белгілі суретшінің зираты табылып, мемориалдық ескерткіш орнатылды.

29 Мамыр 2018

Ағымдағы жылдың 29-мамырында «Карлаг: келешек үшін есте сақтау» жобасының зерттеушілері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған акцияға қатысты. Бейнелеу өнері мұражайы мен қала белсенділері ұйымдастырған акцияда қарағандылық суретші, Қарағандыдағы бейнелеу өнерінің негізін қалаушы – Владимир Александрович Эйферттің зираты басына мемориалдық ескерткіш орнатылды.

Ескерткіш қала белсенділерінің арқасында өнерге, бейнелеу өнеріне жаны ашитын еріктілерден жиналған ақшаға орнатылды. Ұлты неміс болғаны үшін ғана Қазақстанға жіберілген суретші мен оның әйелінің зираты өткен жылдың күзінде ғана белсенді жерлестеріміз Л.П. Андриюк, Ю.Д. Забар мен О.Н. Ясинскаяның ұзақ уақыт бойы жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде табылған. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың тағдырын айтып, тарихта есімін жаңғырту мақсатында, бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегін бағалап аталмыш шара қолға алына бастаған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика