Баянның қызы халықтан әкесін қолдауды сұрады

27 марта 2017

Баян Есентаеваның қызы Айсәуле халықтан әкесіне қолдау көрсетуді сұрап отыр. Ол әлеуметтік желі қолданушыларын Бақытбек Есентаевтің жазасын қайта қарауды сұраған қол қоюға шақырды.

«Қадірменді достар, әкемнің тағдырын жеңілдету үшін сіздерден көмек сұрағым келіп отыр. Оның жазасын қайта қарау туралы петицияға қатысыңыздаршы. Бұл жазбамды анама қарсы әрекет деп қабылдамауларыңызды сұраймын, ата-анамды бірдей жақсы көремін», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада қазақстандық белсенділер Бақытбек Есентаевты босату туралы петицияға қол жинауды бастаған болатын. Әзірге бұл петицияны 2206 адам қолдаған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика