Баян Есентаева  жұрттан ақыл сұрады

27 апреля 2017

Танымал продюсер Баян Есентаева әлеуметтік желідегі оқырмандарынан көмек сұрап отыр. Ол алдағы уақытта өз өмірі баяндалған кітабын жарыққа шығармақ. Бірақ кітапты қалай атауды білмейді екен. Сондықтан жалпақ жұрттан ақыл қосуларын сұрады. 

«Достар, жақында менің кітабым шығады. Алайда бір мәселе бар, мен кітапбымды қалай атауды білмей отырмын. Өз нұсқаларыңызды ұсыныңыздар. Маған ұнайтын атты тауып берген адамды кітабымның тұсаукесеріне шақырамын және қолтаңба беріп, өз парақшама суретін саламын», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика