Баян Есентаева: «Тойымды Алматыда жасаймын»

3 мая 2017

Қазақстандық танымал продюссер Баян Есентаеваның тойы Алматы қаласында өтуі мүмкін. Бұл туралы әнші «КТК» арнасының «Инсталайық» бағдарламасында айтқан.

 

Баян

«Маған тойға қатысты сұрақ жиі қойылады. Той жасаған соң, дүркіретіп жасау керек. Үйлену тойы да сіздер үшін тосын сый болып қала берсін. Бұл туралы әңгіме қозғағым келмейді. Тек менің тойымның басқа тойлардан ерекше болатыны анық. Мен негізі патриотпын. Сол себепті, тойымды шетелде емес, Алматыда жасаймын. Күтіңіздер», – дейді Баян Есентаева.

Дереккөз: Stan.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика