Баян Мақсатқызы тағы не бүлдірді?

16 апреля 2017

Әйгілі продюсер Баян Есентаеваның басы тағы да дауға қалды. Жұрт православтар мен католиктердің  Пасха мейрамын атап өткен Баян ханымның жанұясын сынға алды. 

Сынға себеп тауіп берген де Баян Мақсатқызының өзі болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында  православ дінін ұстанатын достарын құттықтап, кенже қызы Айарудың мерекелік нан пісіргенін айтып мақтанды.

“Айарудан собалақ (авт. Пасхада пісірілетін дөңгелек нан), православтық достарымның барлығын мерекемен құттықтаймын. Ал біз шай ішіп отырмыз, өте дәмді”, – деп жазды Есентаева.

Бұл жазба қызу талқыға салынып, пікір білдірушілердің көпшілігі бұл мейрамның мұсылман қауымына жат екенін және оны тойлау шектен шыққандық болатынын жеткізді. Бұған наразы болған Баян ханым пікірлердің барлығын өшіріп, жаңа пост жазды. Бұл жолы өзіне сын айтушыларды «надандар мен сауатсыздар» деп атады.

“Тіпті, мереке күні бір-бірімізді кеміріп тастауға дайынбыз. Сауатсыздық және надандық. Қызым бар болғаны нан пісірді”, – дейді Баян Мақсатқызы.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика