Батыр Баянның халі ауыр

29 Қазан 2018

«Батыр Баян» фильмін көргенсіз бе?

«Батыр Баян» фильмін көрмеген қазақ жоқ болар?! Поэманың негізінде түсірілген кинодағы ержүрек, батыл Баянға талай ұл еліктеп өсті емес пе? Бірақ көрерменің көз алдында батырлықтың нұсқасындай болған, яғни Баянды сомдаған актер Жұмахан Әбдіқадыровтың жағдайы қазір нашар екен. Ол туралы kazakh-tv сайтына Нұрлан ҚАЗИҰЛЫ жазады. Автордың айтуынша, 1995 жылы жол апатына ұшыраған актер 2009 жылға дейін екі операция жасата жүріп, дертке мойымай, театрға барып жүрген. Алайда сыздатқан дерт дендеп, жүріп тұруы қиын болғасын, Тараз қаласындағы театрдағы жұмысын мүлде тоқтатыпты. Осы күні де сол дертпен арпалысып жүргенге ұқсайды. Кезінде Батыр Баянды бағалаған Хан Абылай болса, оның бүгінгі бейнесін президентіміз де ұмыт қалдырмаған. Олай дейтініміз, актер Елбасының қолдауымен Германия мемлекетінің Киль қаласына барып, үшінші отасын жасатып қайтқан. Дегенмен батырдың денсаулығы әлі де нашар.

Жұмахан Әбдіқадыров – 1953 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген. Алматыдағы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның драма және кино актері бойынша білім алған. Туған жеріндегі облыстық драма театрында еңбек еткен актер, халытың көңілінн шыққан рөлдерді сомдады. Бірақ оның шоқтығы биік образы Батыр Баян десек қателеспеспіз. Ел ішінде «Батыр Баян» аталып кетуі сөзімізге дәлел болса керек-ті. Фото ашық дереккөзден алынды.

Дереккөз: kazakh-tv


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика