Басына пакет кигізіп, қол-аяғы байланған әйелдің мәйіті табылды

13 Қыркүйек 2017

Павлодар облысында Ертіс жағасында еріктілер әйел адамның денесін тапты, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, 12 қыркүйекте Ертіс жағасында Пятирыжск ауылына жақын маңда әйел адамның денесі табылған. Сот  молекулалық-генетикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Павлодарлық еріктілер әлеуметтік желіде хабарлағандай, болжам бойынша, былтыр қазан айында Қашыр ауданы Береговое ауылында жоғалып кеткен, екі баланың анасы, 28 жастағы Дарья Николаеваның денесі табылды. 

Еріктілер айтқандай, әйел адамның қол-аяғын байлап, басына пакет кигізген екен. 

Дарья Николаева жоғалып кеткен кезде декреттік демалыста болыпты. Қазан айында Береговое ауылынан Тереңкөл ауылындағы күйеуіне кетіп, із-түссіз жоғалған.

Дереккөз:  sputniknews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика