Басқарудың 11 құпиясы

28 Маусым 2018

Басқарудағы ең маңызды мәселелер мыналар:

1 Батылдық пен шешім қабылдаушылы: ол өзін өзі және шешім қабылданатын мәселе туралы жақсы білуі қажет. Бір де бір орындаушы өзіне сенбейтін, әрнәрсеге күмәнмен қарайтын басшының қарамағындағы жұмыс істенуге ынталы болмайды және ондай адамның қарамағында көп жұмыс істеуге төзбейді.

2 Өзін өзі бақылау. Өзін өзі бақылай алмайтын адам басқаларды да бақылауға қабілетсіз. Осындай қасиетке ие басшыға қарамағындағылар әрдайым құрметпен қарап, соған еліктеуге бейім тұрады.

3 Әділетсіздікке төзбеушілік. Мұндай қасиеті жоқ басшы қарамағындағылардың құрметі менс енімінен айрылады және оларға бұйрық беруге моральдық құқы да болмайды.

4 Шешімнің нақтылығы. Шешім қабылдауда солқылдақтық танытқан басшы өзіне сенбеушілікті, әлсіздікті көрсетеді, яғни, ондай адам жақсы басшы бола алмайды.

5 Нақты жоспардың болуы. Қабілетті басшыөз жұмысын әрдайым жоспарлап алады және жоспармен жұмыс жасайды. Нақты жоспары жоқ және жоспарсыз жұмыс істейтін басшы өмірдің ағысымен кетіп, желкені, штурвалы жоқ кемедей түрлі жағдайлардың жетегіне ерумен болады. Ондай жан ерте ме, кеш пе тасқа соғылған кемедей, өзін өзі құртып тынады.

6 Артық жұмыс істеуге бейімділік. Басшылардың өздлерінің мойнына алған бір жүктемесі – басқаларға қарағанда көбірек жұмыс істеуге әрдайым дайын болуы.

7 Тұлғаның тартымдылығы. Салақтық, шешім қабылдауға қабілетсіздік ешқашан табысқа жеткізбейді. Көшбасшылық басқалардың өзін құрмет тұтып, сыйлауын талап етеді. Өзін өзі күтпейтін салдыр-салақ адамды қарамағындағылар сыйламайтын болады.

8 Аяушылық және түсіністік. Табысты басшы әрдайым өзінің қарамағындағыларға аянышпен қарап, қажет болған жағдайда көмекке келуге әзір тұрады. Сонымен бірге, ол басқалардың проблемаларын түсінуге қабілетті болуы тиіс.

9 Қалыптасқан жағдайдың ұңғыл-шұңғылын жетікр білу. Жақсы басшы өз ісін бес саусақтай жан-жақты біледі.

10 Барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға әзір тұрушылық. Жақсы басшы өз қарамағындағы адамдардың жіберген қателіктерінен кеткен кемшіліке байланысты жауапкершілікті өз мойнына алуға әзір болуы қажет. Кемшілікке байланысты жауапкершілікті басқаларға артып қоюға тырысатын басшы өз орнында көп тұрмайды. Егер қарамағындағы адам қателік жіберіп, олақтық танытса, жақсы басшы бұған оны емес, өзін кінәлайды.

11 Бірлесе жұмыс жасау. Басшы қандай жұмысты да бірлесе, ұжым болып атқарғанда ғана табысқа жетуге болатынын жақсы түсінуі тиіс. Басшылық жасау үшін қуат қажет, ал оны қарамағыңдағы адамдар береді. Міне, сондықтан да команда болып бірлесе жұмыс істеу табыс кілті саналады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика