Банктен несие аларды мына нәрсен ескере жүріңіз (видео)

17 Шілде 2017

Бүгінгі таңда әрбір екінші адамның мойынында несие бар. Кей адамдар банктен несие алу барысында келісім шарттың мәтінен зер салмай, қол қоя салады. Кейін бұл ісіне опық жеуі мүмкін. Сондықтан да ҚР   Ұлттық банкі несие шартын жасауға қатысты мультпликациялық видео ролик түсірді.

несие

Видеода банкпен шарта отырар кезде қандай нәрсеге баса назар аудару керектігі туралы толыққанды ақпарат берілген. Өйткені шарт – өте маңызды әрі заңдық күші бар құжат. Оған барынша жауапты қараған дұрыс. Бұл кейін сан соғып қалмау үшін керек. 

Несие шартында номиналды сыйақы мөлшерлемесі және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі  көрсетілуі тиіс. Әрі банк қызметкерлері несиені рәсімдеу барысында клиентке тариф пен комиссия туралы толыққанды ақпарат беруі тиіс. .

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика